Еуропа чемпионатында жанкүйерлер арасында жанжал шықты

Еуропа чемпионатында жанкүйерлер арасында жанжал шықты

Еуропа чемпионатының кезекті күні жанкүйерлер арасында жанжал шықты.

Келеңсіз жағдай Түркия мен Грузия құрамалары кездесуінің алында орын алды. Дортмунд қаласының стадионында қос тарап өкілдері сөзге келіп, арты төбелеске ұласты. Оған жергілікті тәртіп сақшылары араласып, жағдайдың одан сайын ушығуына жол бермеді. Ал матчтың өзі аса тарысты өтті және 3:1 есебімен аяқталды. Түркия командасынан Мерт Мюльдюр, Арда Гюлер және Керем Актюркоглу мергендігімен көзге түсті. Ал паралель матчта Португалия Чехияны 2:1 есебімен ұтты. Осылайша «Ф» тобында Түркия мен Португалия бірдей ұпаймен жоғары көтерілді. Одан кейін Грузия мен Чехия тұр. Топтық кезең аясындағы келесі матчтар 22 маусымда болады.

Мбаппе жарысты жалғастыра ала ма? Қазір футбол жанкүйерлерін осы сұрақ мазалайды. Өйткені франциялық ойыншы Еуропа чемпионаты аясындағы алғашқы матчта мұрнын сындырып, ауыр жарақат алды. Бұл жағдай Франция Австрия кездесуінде орын алды. Кейін Мбаппе Дюссельдорф қаласының ауруханасына жеткізді. Бірақ жергілікті дәрігерлер оған операцияның қажет еместігін алға артты. Десе де, енді алаңға тек арнайы маскамен шығуы қажет. Жалпы Құрлықтық додада ары қарай ойнай ала ма, жоқ па, әзірге белгісіз. «Ертең тағы қосымша тексерістен өтеміз. Жарақат өте ауыр. Қазір операция жасамаса да кейін қажет болуы мүмкін. Сондықтан, оның денсаулығын жіті бақылап отырмыз» деді Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам. Айта кетейік, Австрияға қарсы ойында француздар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ал топтық кезеңдегі кезекті кездесу 25 маусымда Польша құрамасына қарсы болады. 

«Ордабасы» Петрокубпен» ойнайды. Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Еурокубок додаларының жеребесі тартылып, қазақстандық клубтардың алғашқы қарсыластары анықталды. Мәселен, ел үздігі «Ордабасы» чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Молдованың "Петрокуб" командасымен ойнайды. Бірінші матч алдағы айда Шымкентте өтеді. Қарымта кездесу бір аптадан кейін сырт алаңда болады. Ал қостанайлық  «Тобыл» Еуропа лигасында Словакияның "Ружомберок" клубымен кездеседі. Алғашқы ойын 11 шілдеде сырт алаңда өтсе, Қостанайдағы қарымта матч 18 шілдеге жоспарланған. Бұған қоса «Ақтөбе» командасының да қарсыласы белгілі болды. Олар  босниялық «Сараево» клубымен жолығады. Бұнда да бірінші матч 11-ші шілдеде, екінші матч 18 шілдеде ұйымдастырылады. «Ақтөбе» алғашқы кездесуін өз алаңында өткізеді. Тағы бір қазақстандық клуб «Астана» да Еуропа лигасында бақ сынайды. Елордалық клуб екінші іріктеу кезеңінен жарысқа араласады. Ал қарсыласы бүгін анықталады.