Балуандардың Олимпиадаға дайындығы пысықталды
Париж Олимпиадасына өте аз уақыт қалды.
Сәйкесінше спортшылар жазғы ойындар алындағы негізгі дайындыққа кірісті. Мәселен, палуандарымыз дәл қазір таудағы жаттығуды бастады. Олар алдымен жалпы физикалық жаттығуларды жасап, кейін Ресейде жауынгерлік дайындықты пысықтамақ.
Ал Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиыны тағы да Қазақстанда, нақтырақ айтқанда, Алматыда өтеді.
Аслан Қаженов, тілші:
- Арнайы базаға лицензия алған жігіттер түгел жиналды. Бұған қоса оларға көмектесу үшін ұлттық құрамадағы нөмірі екінші және үшінші балуандар да шақырту алған. Олар күніне 3 мезгіл жаттығу жасайды.
Әлішер Ерғали, ұлттық құрама мүшесі:
- Айта кету керек, бұл жолы еркін күрес шеберлері және грек-рим күресі шеберлері бірге дайындалып жатыр. Шыны керек, негізі сирек кездесетін көрініс. Командада ауызбіршілік бар. Аатмосфера жақсы.
Мадияр Құрамысов, ұлттық құраманың бас бапкері:
- Ұлттық құрамада жарыс алдындағы толқыныс пен қобалжу байқалмайды. Өйткені жігіттердің біразы бұған дейін Олимпиадаға қатысқан. Енді сол тәжірибесін пайдаланып, Париж төрінде қалай да медальға, оның ішінде алтынға қол созуымыз керек дейді.
Аслан Қаженов