Қыздар арасында футболдан ұлттық мектеп лигасы өтті
Бұрымды футболшылар елордада бас қосып, өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды 24kz.
Ұлттық мектеп лигасы аясында ұйымдастырылған жарысқа 13 команда жиналды. Бұл бәсеке шалғай елді мекендердегі талантты қыздардың жолын ашып, кеңінен танылуына мүмкіндік береді. Осы мақсатта жыл басынан аудандар мен облыстарда арнайы іріктеу өтті. Енді ең мықты деген командалар Астанада бас жүлдені сарапқа салып жатыр. 7 және 8-сынып оқушылары арасындағы жарыс 12 шілдеде мәресіне жетеді. Әзірге топтық кезең қорытындысы белгілі. Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары және Алматы қаласының командалары үздіктер қатарында. Алда плей-офф және финалдық кезеңдер бар.