V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына екі ай қалды
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 61 күн қалды, деп хабарлайды 24kz.
Ұлы дала дүбірі 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Бағдарламаға 21 спорт түрі енгізілді. Оның ішінде тең жартысы қазақтың ұлттық спорт түрлері болса, қалғаны өзге де түркітілдес елдерге тиесілі.
Алдыңғы 2022 жылы Түркияның Изник қаласында өткен ойынға 102 елден 13 спорт түрінен 3 мың спортшы қатысқан болатын. Бұл жолы Қазақстанға 89 елден 2,5 мың спортшы келеді. Жалпы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет Қырғызстан жерінде, айыр қалпақты ағайынның бастамасымен ұйымдастырылды. Чолпон-Ата қаласы халықаралық жарыстарды үш рет 2014, 2016 және 2018 жылдары қабылдады. Ал 2020 жылы пандемияға байланысты өткізілмеді.
Айта кеткен жөн, түркі жұртының төл додасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген.