Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралады?

Жәнібек 2-3 айда рингке оралады. Қазақстандық кәсіпқой боксшының менеджері Берік Сұлтан осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 24kz.

«Көп спортшылар сияқты біз де салмақ жасау барысында қиындыққа тап болдық. Бірінші рет осындай жағдайды бастан өткердік. Оңай емес екен! Түнімен ауруханада болдық! Мұны да көру керек болған шығар! Қазір Жәнібектің жағдайы бірқалыпты. Денсаулық бірінші орында! Бұйыртса 2-3 ай қалыпқа келіп, рингке қайта ораламыз», - деді Берік Сұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда, денсаулығының сыр бергендіктен жекпе-жек кейінге қалды.