Парижде ресми түрде Олимпиада қалашығы ашылды
Қалашыққа шетелден келген спортшылар біртіндеп қоныстанып жатыр.
Қалашық 52 гектар аумақты қамтиды. Оған 14 мың адам жайғасады. Спортшылар мен делегаттардың қауіпсіздігін 4 мың тәртіп сақшысы қамтамасыз етеді. Бұл аумақта үйлерден бөлек жаттығу залдары, емхана мен допингге қарсы орталық орналасқан. Нысанды салу үшін 2 миллиард еуро жұмсалған. Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін үйлердің үштен бірі мемлекеттік баспана ретінде пайдалануға беріледі.