Парижде қазақ спортшыларына арналған көрме өтті
Париждегі әйгілі Салтанат қақпасы маңында қазақ спортшыларының суреттері пайда болды.
Фотокөрмені Қазақстанның Франциядағы елшілігі, спорт министрлігі мен Ұлттық олимпиада комитеті ұйымдастырған. Ұлттық құраманың 12 атлетінің суреттері тура дипломатиялық миссияның қақпасында ілулі тұр. Алдағы жазғы Олимпиада ойындарында 80 қазақстандық 25 спорт түрінде бағын сынайды.
БЛИЦ
- "Әдемі көрме. Суреттерден бірден Рыбакинаны таныдым. Өйткені теннис ойындарын қараймын".
- "Олимпиада кезінде қалада болмайтыным өкінішті. Бірақ ойындарды онлайн көремін".
- "Парижде таныс адамдардың суреттерін көру қызық екен. Мұнда өзбекстандықтар көп емес".