Көшпенділер ойындары: асық атудан ұлттық құрама қызу дайындық үстінде

Асық ату мен бес асықтан Қазақстан ұлттық құрамасы кезекті оқу-жаттығуын бастады, деп хабарлайды 24KZ.

Жиын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында ұйымдастырылып отыр. 25 шілдеге дейін жалғасатын оқу-жаттығу Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлерінен республикалық олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтіп жатыр.

Көшпенділер ойындары қыркүйекте елордада өтеді.

Жомарт Сабыржанұлы, асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:

- Мына өтіп жатқан жиын – төртінші оқу-жаттығу жиыны. Бірінші Алматыда, сосын Шымкентте өтті, сосын 1 жеті жолды Шопан атада қырғыздармен бірігіп, жаттығу жиынын өткізіп келдік. Енді тамызда 1 оқу-жаттығуымыз бар. Сонымен әрі қарай біз Көшпенділер ойынына сақадай сай деп ойлаймыз өзімізді.

Алмас Қарабаев, асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:

- Дүниежүзілік көшпенділер Астанада өтеді, құдай қаласа. Қазір біздің 4-ші оқу-жаттығу жиынымыз өтіп жатыр. Жігіттер елдің намысын қорғауға сақадай сай.