Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 50 күн қалды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына елу күн қалды.

Қазақстан ұлттық құрамасы соңғы дайындық-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Астанада өтетін әлемдік шараға 89 елден 2000-нан аса спортшы қатысады. Ойын аясында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ауқымды шараны тамашалау үшін билеттерді ресми билет операторы сайтынан алуға болады. Қазір қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, асық ату, арқан тартыс секілді жарыс түрлеріне билеттер сатылымда. Ал ашылу рәсімі мен басқа да спорт сайысына билеттер тамыз айының басында сатылымға шығады. Ойынның маңызды бөлігінің бірі «Бірлік керуені» мәдени бағдарламасы болмақ. Бірегей жоба көшпелі халықтардың мәдени байлығы мен алуан түрлілігін көрсетуге бағытталған.