Балуандардың Олимпиадаға дайындығы

Ел намысын қорғайтын спортшылардың алғашқы легі Парижге жетті.

Франция астанасына бүгінге дейін бірнеше спорт түріндегі жерлестеріміз аттанып, Олимпиада алдындағы дайындықты пысықтап жатыр. Ал басқа спорттың саңлақтары кезек-кезегімен жолға шығады. Ең соңғы болып балуандарымыз барады. Өйткені күрес түрлері бойынша жарыстар тамыздың басында басталады.

Париж Олимпиадасына 4 балуанымыз бақ сынайды. Яғни күрестің дәл осы бағытында осынша лицензиямыз бар. Оны Азамат Дәулетбеков, Әлішер Ерғали, Мейрамбек Қартбай және Юсуп Батырмұрзаев жеңіп алды. Олар қазір Алматы облысында дайындқты пысқытап жатыр. Араларынан аса тәжірибелі және негізгі үміттеріміздің бірі Әлішерді сөзге тартып, көкейдегі сұрақтарымды қойдым.

Әлішер Ерғали, ұлттық құрама мүшесі:

Мадияр Құрамысов, ұлттық құраманың бас бапкері:

Қалай болғанда да ел намысын қорғайтын қыз-жігіттьерге сәттілік тілейміз. Айта кетейік, Париждегі жазғы ойындар 26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін жалғасады.

Аслан Қаженов