Боксшылар Олимпиадаға аттанды
Мырзағали Айтжанов баптайтын жігіттер мен Елдос Сайдалин баптайтын қыздар құрамасы Франция астанасына Алматы қаласынан ұшты.
Айта кетейік, біздің команданың еншісінде 10 лицензия бар. Әсіресе ерлер командасы Париждегі жазғы ойындарда толық құрамда, яғни барлық 7 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Жерлестеріміздің шаршы алаңға шығатын уақыттары да белгілі. Яғни ерлер арасынан ең бірінші болып 27 шілде күні Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жұдырықтасады. Әйелдер арасынан 8 шілде күні Назым Қызайбай бағын сынайды. Ал қарсыластары әзірге белгісіз. Нақты тізім 25 шілде күні жеребе тарту рәсімінен кейін шығады. Айта кетейік, қазақстандық жігіттер Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын Түркістан қаласында, ал бұрымды бокшылар Алматы қаласында пысықтады. Париж қаласындағы Олимпиаданың өзі бірер күннен кейін, яғни шілденің 26-сында басталып, тамыздың 11-іне дейін жалғасады.
Грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар топ жарды
Лайықты ізбасарлар өсіп келеді. Таиландтың Срирача қаласында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы өте сәтті өнер көрсетіп, 9 бірдей медаль жеңіп алды. Әсіресе 82 келіде жетісулық Жеңіс Ерасыл барлық қарсыласты айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанды. Ал 81 келідегі Бағылан Қуанышов күміс жүлде иеленсе, 60 келідегі Айбек Айтбеков үздік үштікті түйіндеді. Қос спортшы да елордадағы №3 спорт мектебінің шәкірттері. Бапкері Әділ Әлжекеевтың айтуынша, жүлдеге іліккен барлық өрендердің әлеуеті зор. Сонымен Таиландтағы жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама 185 ұпай жинап, жалпы командалық есепте 2-орынға тұрақтады.
Еліміздің ең үздік жүгіру шеберлері Қарқаралыға жиналды
Бұнда ерекше форматтағы марафон өтті. Ерекшелігі сол оның қатысушылары әдеттегідей асфальт арқылы емес, тау мен тасты, орман мен тоғайды кесіп өтеді. Жоба авторы Думан Бейсенаевтың айтуынша, осы арқылы аймақтың тамаша табиғатын кеңінен таныстырып, туристік әлеуетін арттыруға болады. Бұған қоса, бұқаралық спорттың дамуына да үлкен серпін береді. Сонымен жарысқа бас-аяғы 200-ге жуық адам тіркелді. Экстрималды мараофн бағдарламасы бойынша жасөспірімдер 10 шақырымға, ал ересектер 21 шақырымға жүгірді. Маршрут, жоғарыда айтқандай, толықтай жабайы табиғат аясында, яғни Қарқаралы ұлттық паркі арқылы өтті.
Думан Бейсенаев, жоба авторы:
Сонымен жарыс қорытындысы бойынша ересектер арасында ең үздік нәтижені Константин Серебрянитций тіркеді. Ол 21 шақырымды 1 сағат 31 минутта бағындырды. Сәйкесінше былтырғы рекордтты бірер минутқа жаңартып, арнайы қаржылай сыйақыға ие болды. Бұған қоса әйелдер арасында бөлек жеңімпаздар анықталды. Жасөспірімдер арасындағы үздіктерге де бағалы сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, «Бұғылы трэйл марафон» деп аталатын жарыс алдағы жылдары да жалғасын табады және соған сай ауқымын да одан сайын ұлғайту жоспарланып отыр.
Ақмарал Ғабитқызы, жарысты ұйымдастырушы