Парижде Олимпиада алауын ескекшілер алып жүреді
Парижде Олимпиада алауын алып жүретін әлемдегі ең ұзын ескек таныстырылды.
Оны швейцариялық Stampfli racing Boats компаниясы ауқымды іс-шара үшін арнайы құрастырған. 24 орындық есу қайығы жазғы Олимпиада ойындарының эстафетасында көпшілік назарына ұсынылады. Оны Париждің шығысындағы Марна өзенінің бойымен 23 ескекші еседі, бір факел ұстаушы Олимпиада алауын алып жүреді. Бұл қайық сайысқа қатыстырылмайды. Ескекшілерге жарыста жалғыз немесе екеуара топтасып өнер көрсетуге рұқсат етілген.
Париждегі жазғы ойындар 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.