Жамбы атудан ұлттық құраманың дайындығы жалғасып жатыр
Жамбы атудан Қазақстан ұлттық құрамасы кезекті оқу-жаттығуын өткізіп жатыр деп хабарлайды 24kz.
Ол V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында ұйымдастырылған. Жарыста бұл құрама ат үстінде садақ атудан сайысады. Бұдан бөлек, ел спортшылары көкпар, садақ ату, аударыспақ, теңге ілу және құсбегілік секілді этникалық бағыттағы ойындарда өз бақтарын сынайтын болады.
Елдос Бадашев, Жамбы атудан Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы:
- Дайындығымыз 70-80% деп ойлаймыз. Бірақ әлі де жасайтын жұмыстарымыз бар. Техникалық, тактикалық түрдегі әлі жұмыстарымыз бар. Аттармен дайындалып жатырмыз, аттар да дайын болып қалды.
Ералхaн Айкөз, Жамбы атудан қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:
- Алматы қаласында оқу-жаттығу өтіп жатыр. Бұл – екінші оқу-жаттығуымыз. Дүниежүзілік көпшенділер ойынында үздіктер қатарынан көрініп, елдің көк туын көкте желбіретемін деген ойдамын.