Олимпиада: Қазақстан құрамасының 28 шілдеге арналған сайыс кестесі

Бүгін Париж Олимпиаданың екінші жарыс күні Қазақстан құрамасы спорттың 8 түрінен сынға түседі.

Дзюдодан 66 келі салмақта Ғұс-ман Қырғызбаев белдеседі. Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов пен Руслан Құрбанов семсерлесуден жекелей сайыста жүлдеге таласады. Бүгін шаршы алаңға үш боксшымыз шығады. Париж рингінде Айбек Оралбай, Асланбек Шым-бергенов және Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Ал академиялық ескек есуден Владислав Яковлев екінші іріктеу кезеңіне қатысады. Нысана көздеуде Арина Алтухова, Константин Малиновский және Ислам Сәтбаев пен Александра Ле жарысады. Сонымен қатар Олимпиада ойындарында алғаш рет бадминтоннан Дмитрий Панарин бәсекеге араласады. 

Графика 

28 шілде

Жексенбі:

 

Дзюдо

Ғұсман Қырғызбаев – Алдын ала іріктеу кезеңі

 

Семсерлесу

Вадим Шарлаимов – Жеке қылыш, алдын ала іріктеу кезеңі

Эльмир Әлімжанов – Жеке қылыш, алдын ала іріктеу кезеңі

Руслан Құрбанов – Жеке қылыш, алдын ала іріктеу кезеңі

 

Бокс

Айбек Оралбай – 1/8 финал

Асланбек Шымбергенов – 1/16 финал

Назым Қызайбай – 1/16 финал

 

Академиялық ескек есу

Владислав Яковлев

 

Нысана көздеу

Арина Алтухова – Іріктеу

Александра Ле – Іріктеу

Константин Малиновский – Іріктеу

Ислам Сәтбаев – Іріктеу

 

Бадминтон

Дмитрий Панарин – Іріктеу