Жамбыл облысында 500 мың адам спортпен тұрақты айналысады
Жамбыл облысында 500 мыңға жуық адам тұрақты түрде спортпен айналысады.
Бұл облыс тұрғынарының 40,6 проценті. Халықтың салауатты өмір салтын ұстануына алдымен спорттық инфрақұлымның жақсаруы әсер еткен. Одан соң өңірден шыққан чемпиондарға қарап, жасөспірімдер де спорт залдарына ағылуда.
Жанболат Мәдібекдің дзюдоға келуіне Елдос Сметовтың олипиадаға қатысуы тікелей себеп.
Рио одан соң Токиодағы белдесуін көрген жасөспірімнің күреске деген құштарлығы артқан. Оқушы осылайша 4 жылдан бері спорты жанына серік етіпті.
Жанболат Мәдібек, жас спортшы:
- Елдос Сметовтың күресі, керемет тастаған әдістері және де жылдамдығы техникасы маған ұнаған болатын. Сондықтан да мен осы спортты таңдап әкеме айтып, осы спортқа Ахмет Жұмағұл, яғни Елдос Сметовтің алғашқы бапкері осы кісіге келіп осы кісіден тәлім-тәрбие алуды жөн көрдік. Менің арманым Елдос ағамыз секілді олипиада шыңын бағындырып еліміздің атын әлемге танытып көк туымызды олимп шыңында желбірету.
Иә Ахмет Жұмағұл, Елдос Сметов, Ғалымжан Жылгелиев, Жанаділ Есбергенов сынды Әлем, Азия мен олимпиада чемпиондарының алғашқы ұстазы. 70-ті алқымдаған жаттықтырушы 45 жылдан бері балаларды дзюдоға баулып жүр. Бүгінге дейін 5 мыңнан аса баланы күреске үйреткен. Айтуынша, олипиада ойындарынан соң баласын жаттығу залына ертіп келетіндер саны күрт артады екен.
Ахмет Жұмағүл, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы:
- Спорт залдары көп салынып жатыр. ФОК-тар салып жатыр. Бұрын әшейін бір подвалда сөйтіп жүретінбіз ғой. Садиктерде, Елдостар садиктен шықты. Мінекей сондай қазір көп салынып жатыр әр райондарда. Сол результатқа әсеретеді. Андай залды көргеннен кейін теренердің жұмысы. Мысалға мына жақтан Елдос шығып жатса, солай болам деп талпынып жатқан адамдар көп. Екінің бірі мінекей. Өте жақсы.
Бұқаралық спорттың дауына ең алдымен спорттық инфрақұрылымның болуы әсере етеді. Былтыр облыстың елімекендерінде 10 спорт кешені пайдалануға берілді. Биыл да бұл үрдіс жалғасуда. Жыл соңына дейін 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылмақ.
Нұржан Жолдасбеков, облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары:
- Елімізде ең алдыңғы қатарлардың бірі болып, облыс көлеміндегі барлық ауылды елдімекендерде штат ашылып әр аудан орталығында бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталықтары жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде 100 пайыз ауылды елдімекендер осындай спорт нұсқаушылармен толықтырылған. Осы факторлардың барлығы бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін септігін тигізеді.
Былтыр өңір спортшылары халықарылық және республикалық ресми жарыстардан 1915 медаль иеленді. Бұл жақсы көрсеткіш, дейді сала мамандары. Ал кейінгі жылдары ауылдарда жаппай салынып жатқан спорт кешендері болашақа инвестиция. Нәтижесін алдағы 4-5 жылда көреміз, дейді спорт басқармасындағылар.