Қазақстандық жас мергендер жарысқа дайын
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ильфат Абдуллин садақ атудан сынға түсті.
Отандасымыз жекелей сында канадалық Эрик Петерстен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады. Осыған дейін садақ атудан Қазақстан құрамасы командалық жарыста Италиядан жеңілген. Осылайша садақшылар үшін олимпиада аяқталды. Дегенмен осы спорт түріне бет бұрған жастар көп.
Сенімділік пен сабырлық. Садақ атуға келгенде алдымен осыған үйренесің. Кейін техника, төзімділік, тәртіп... сынды өмірде де спортта да қажет қасиеттерді дамытады. Садақ атудан Республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, спорт шебері Алма Келібаева үшін бұл өнердің орны ерекше. Бұл спорт түріне келуге көршісі себепкер болған. Бірақ кейін қызығушылы артып, Алма кәсіби маманға айналды. Бүгінде өзінен кейінгі балаларға садақ атудың қыр сырын үйретеді.
Алма Келібаева, садақ атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері:
- Мен 2013 жылы садақ атуға келдім. Сол кезден бастап, садақты тастамадым. 2022 жылы бапкер болып жұмыс істей бастадым. 19 жасымда спорт шебері атандым. Өз өзіне сенімділік қажет көп күш керек, көп жаттықтырамыз. Мына спорт қатты тәрбиелейді. сол үшін қатты ұнады. Менің арманым ол Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері болу.
Спорттың бұл түрі 1900 жылдан бері жазғы Олимпия ойындарының тізіміне кірген. Бүгінде бұл спортпен әлемнің 140 елі айналысады. Мергендік, төзімділік пен тұрақтылық. Садақшылардың нысанаға дөп тигізуіне осы қасиеттер көмектеседі. Бірақ жеңіс жебесіне жету үшін үлкен дайындық керек.
Ольга Ли, садақ атудан Астана қаласының аға жаттықтырушысы:
- Біз көнеден келе жатқан спорт түрін дамыту үшін осы клубты аштық. Бізде 13 жастан 24 жасқа дейінгі 50-ге жуық спортшы жаттығады. Олар спорт шеберлері мен қазақстан чемпиондарының ізбасарлары. Бүгінде 10 шақты спортшы ересектер арасында 3 разряд алды. Солардың арасыннан олимпиада жеңімпаздары шығады деген үміттемін.
Бұл спортта мергендікпен қатар дене шынықтыруға көп көңіл бөлінеді. Арқа тік, қол қуатты болу үшін спортшылар нысанаға ату арасында міндетті түрде жаттығулар жасайды.
Ольга Ли, садақ атудан Астана қаласының аға жаттықтырушысы:
- Бұл спортта физикалық жүктеме жоғары. Егер қыздар 15-17 келі садақпен жұмыс істесе, жаттығуда 3 мың тоннаға тең кернеу күшін салады. Ал ұлдарда 20-дан 25 келіге дейін кернеу күші болса, жаттығу кезінде 4-5 тоннаға дейін тартады. Оған қоса садақтарды жинау үшін жүреді. Қазақстанда садақ атудан ерлер жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Былтыр Азиа чемпионатында олар командалық лицензия жеңіп алды. Біздің клубтың командасы Қазақстан чемпионатында жоғарғы сатылардан көрінді. әйелдер командасы жеңімпаздар қатарында.
Садақ ату қымбат спорт түрлеріне жатады. Сапалы жабдықтар 3,5 мың доллардан басталады. Жақсы жебелердің жиынтығы 600 еуро тұрады. ал жоғары санаттағы спортшыда осындай екі жинағы болуы шарт.
Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:
- Сүрмергендер садақтың екі түрімен жаттығады. Біріншіші бұл блоктық садақ. Ол шағын келекді және қарапайым, бірақ әлем чемпионатына да осы садақпен қатысады. Ал екінші түрі мына менің қолымда тұрған классикалық садақ немесе оны олимпиадалық деп атайды. Яғни болашақ олимпиада чемпиондарын осы садақ түрімен жаттықтырады. Қазір мен де өзімнің мергендігімді тексеріп, садақ тартып көремін.
Астаналық садақ ату клубы тамызда тегін сабақтарға іріктеу жүргізеді. Басты талап физикалық дайындық пен осы спорт түріне қызығушылық болса болғаны. Жаттықтырушылардың айтуынша, чемпиондарды тәрбиелеуге көзілдіріктің өзі кедергі емес, кез келген баладан жеңімпаз шығады.
Ғазиза Мұхамеджанова, Диас Ковланбаев