Олимпиада күнделігі. Спортшылардың парақшасын ЖИ бақылайды
Олимпиада кезінде спортшылар әлеуметтік желіде қысымға ұшырамау үшін олардың жеке парақшаларын жасанды интеллект бақылайды.
Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті мәлімдеді. Ресми ақпарға сәйкес, ақылды зерде көмегімен 15 мыңға жуық спортшының парақшасы бақыланады. Спортшының тарапына жолданған жағымсыз пікірлер сұрыпталып, оның әрі қарай таралуына жол берілмейді. Егер құқықбұзушылық әрекеттер орын алған жағдайда қылмыстық іс қозғалып, кінәлі жауапқа тартылады. Жаңа жүйе 37 тілде қызмет атқарады.