Париж Олимпиадасының 12-жарыс күні. LIVE
Бүгін Париж Олимпиадасының 12-жарыс күні өтіп жатыр.
Ең қызығы бірер сағаттан кейін болатын боксшы Нұрбек Оралбай мен грек рим күресінің палуаны Демеу Жадраевтың бәсекесі. Оған бүгінгі күн несімен есте қалғанын Париждегі әріптесім, Ердана Ержанұлы баяндайды. Ердана, қайырлы күн, спортшыларымыздың аяқалысы қалай?
Ердана Ержанұлы, тілші:
- Бекарыс Раматулла 1000 метрге каное есудің спринт дисциплинасынан 3 минут 44 c уақыт көрсеткішімен ширек финалға өткенімен, жартылай финалға өте алмады. Осы жекелей сынға Cергей Емельянов та қатысып, ширек финалға өткенімен, жартылай финалға шыға алмады. Сергейге 3 cекунд жетпеді.
Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақтағы іріктеу айналымдары өтті. Бұл салмақта Қазақстан намысын Нұрсұлтан Тұрсынов қорғады. Тұрсынов алғашқы айналымда египеттік Мохаммед Метваллимен кездесіп, 10:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Ол кезеңде Қазақстандық балуан ширек финалда Олимпиада чемпионы әрі екі дүркін әлем чемпионы, украиналық Жан Беленюкпен кездесті. Тұрсынов 3:7 есебімен қарсыласқа жол берді. Егер Жан Беленюк финалға шыққан жағдайда, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алады. Бәсекенің қалай өрбитінін, бапкерлер де, бізде жіті бақылап отырмыз.
Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте жеңіліс тапты. Ерлер арасында 58 келі салмақта сынға түскен Абабакиров алғашқы айналымда Олимпиада чемпионы, италиялық Вито Дел'Акилаға қарсы шықты. Алғашқы кезеңде 12:6 есебімен басымдық танытқан Самирхон соңғы екі кезеңде қарсыласқа есе жіберіп алды. Енді ол қарсыласының финалға жетуін күтеді. Егер италиялық спортшы ақтық сынға жетсе, Самирхон Абабакиров жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алады.
Самирхон Абабакиров, ҚР Таэквондо құрама командасының мүшесі:
«Бәрі жақсы басталған. Соққылар да бәрі. Соңында кішкене қатемен жеңісті беріп қойдық. Барымды салдым. Екінші раунд та жақсы боп тұрды. Ортасында кішкене қателік жіберіп қойдым. Құдай қаласа, АҚШ-тағы келесі Олимпиадаға дайындаламыз».
Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрлігі комитетінің төрағасы:
- Бұдан бөлек бүгін Веложарыстың спринт бағытында Андрей Чугай іріктеу кезеңінде соңғы болып келіп, келесі кезеңге өте алмады. Әзірге Қазақстан жалпы жүлделер көрсеткішінде 32-орында. Қоржынымызда 1 алтын, 1 күміс, 3 қола бар. Көш басында АҚШ, ҚХР, Австралия. Бұл рейтингтегі көрсеткіштер сәлден соң өзгеруі әбден мүмкін. Себебі қос бірдей спортшымыз финалдық бәсекеде болмақ. Алғашқысы Жапониялық палуанға қарсы шығатын Демеу Жадраев болмақ. Екі сағаттан кейін болатын белдесу жайлы Ербол Мырзабосынов пікір білдірген еді.
Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрлігі комитетінің төрағасы:
Сондай ақ кешке Нұрбек Оралбай 80 келі салмақ дәрежесінде украиналық боксшы Александр Хижнякка қарсы шығады. Оны тікелей эфирде бүгін түнгі 01:50-де Хабар арнасында көресіздер.