10 тамызда Қазақстан спорттың 4 түрінен сынға түседі

10 тамыз күні Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында спорттың 4 түрінен сынға түседі.

Франция астанасындағы кешенді сайыста брейкинг шеберлері жүлделерді сарапқа салады. Би бәсекесінде жерлесіміз Әмір Зәкіров медальға таласады. Қазіргі бессайыстан әйелдер арасында Елена Потапенко жартылай финалда өнер көрсетеді. Еркін күрестен 97 келі салмақта Әлішер Ерғали кілемге шығады. Оның алғашқы қарсыласы – мысырлық Мұстафа Елдерс. Велотректің кейрин бағдарламасында Андрей Чугай іріктеу кезеңіне қатысады.