Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды. Алматыда грек-рим күресінің шеберін жақындары мен дос-жарандары және жанкүйерлер сән-салтанатымен күтіп алды, деп хабарлайды 24KZ.

Демеу Жадраев 77 келі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды. Қазақстан күрес тарихында бұл салмақта бірде-бір спортшымыз Олимпиаданың финалында күреспеген. Демеу жартылай финалда әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері Санан Сүлеймановты жеңді. Шешуші сында жапон балуанына есе жіберді.

Демеу Жадыраев,  Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері:

- Адам өкіне береді ғой. Ұтылып қалғаннан кейін былай болу керек еді деп. Алланың қалауы осы болды. Бұған да шүкір. Қанағат. Көп рақмет.