Көпсайыстан ел чемпионаты өтті

Елордада үздік әуесқой атлеттер анықталды.

Көпсайыстан ел біріншілігіне еліміздің әр түкпірінен 70 спортшы қатысты. Олар 10 бағыт бойынша сынға түсті. Алдымен жүзуден қарым-қабілетін байқатса, кейін жұлқа көтеру сынды күштік сайыстарда өзара мықтылар анықталды. Бір айта кетерлігі, чемпионатта ерлермен қатар бұрымдылар да бағын сынап көрді. Оқ бойы озып шыққандары бүгін Триатлон паркіндегі салтанатты шарада марапатталды.

Николай Мещеряков, функционалды көпсайыстан Қазақстан федерациясының президенті:

- Іріктеу сайысына қатысуға еліміздің әр түкпірінен өтініш түсті. Тек 8 өңірдің атлеттері ғана ақтық сайыста бақ сынады. Әсіресе Алматы, Астана, Қостанай, Өскемен қалаларының спортшылары белсенді. Енді ең үздіктері 11 желтоқсанда Будапештте өтетін әлем біріншілінде ел намысын қорғайды.