Данияр Шаяхметов велоспорттан әлем чемпионатында күміс жүлде алды

Тарихи жетістік. Қазақстандық Данияр Шаяхметов әлем чемпионатында жүлдеге ілікті, деп хабарлайды 24kz.

Велотректер жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода Қытайдың Лоян қаласында өткен болатын. Оған 47 елден 300-ге жуық спортшы қатысты. Ұлттық құрама өкілі Данияр Шаяхметов велотректің спринт бағытында сынға түсіп, нәтижесінде мәре сызығын 2-ші болып кесті.

Айта кету керек, Данияр аталмыш спорттық бағыт бойынша ел тарихында алғаш медаль жеңіп алып отыр. Оның бапкері Павел Воржевтың да ебегін ерекше атап өту керек. «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы жеткен жетістікке тоқмейілсіп тұрған жоқ. Ол ертең елордаға оралады және сәл тыныққаннан кейін кезекті құрлықтық және әлемдік додаларға дайындықты бастамақ.