Десантшылар әлем чемпионатынан жеңіспен оралды

Талдықорғандық десантшылар да әлем чемпионатынан жеңіспен оралды.

18/404 әскери бөлімнің қызметкерлерін қаруластары бар сән салтанымен қарсы алды. Кір тасын көтеруден дүниежүзілік жарыс Қырғызстанда өтті. Оған отыз шақты мемлекеттің спортшылары қатысты. Байрақты бәсекеде Дастан Әблезов 85 келіде сынға түсті. Ол он минут ішінде 24 келілік гір тасын 150 рет көтеріп, қола жүлде иесі атанды. Ал 68 келіде өнер көрсеткен Ержан Төлеубаев он минутта 24 киллограмдық гірді 94 рет көтерген. Осылайша қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, әлемде үздік екенін екінші рет дәлелдеді.

Ержан Төлеубаев, 18404 әскери бөлімінің қызметкері:

- Екі мәрте әлем чемпионы болдым. Аллаға шүкір. Енді менің мақсатым үшінші мәрте әлем чемпионы болу мақсатым, скл ендігі әлем чемпионаты скл 2025 жылы Грецияда болады. соған дайындаламыз.