Мемлекет қаржыландыратын спорт түрлері қысқарады
182 спорт түрінің 60-ы ғана қалады, деп хабарлайды 24kz.
Яғни мемлекет қаржыландыратын спорттық бағыттар 3 есе қысқарады. Бұл мәселе де Париж Олимпиадасының қорытындысына арналған алқа отырысында айтылды. Яғни ресми тіркелген спорттық бағыттар ел қазынасына салмақ салмауы қажет.
«Демеушілердің көмегімен не өз күштерімен дамытамыз десе, ешқандай проблема жоқ», - дейді мамандар. Өкініштісі сол, 182 спорттың барлығына бюджеттен жыл сайын миллиардтаған қаржы бөлінеді. Айтпақшы, сол 182 спорттың 70%-і - олимпиадалық емес бағыттар. Соларға ақшаның басым бөлігі жұмсалып отыр. Сәйкесінше, біраз жүлде әкеледі. Біраз атақтар таратылады. Бірақ Олимпиада сияқты айтулы аламан кезінде бұның барлығы бекер екенін байқаймыз. Қысқасы, 2027 жылға дейін мемлекет қаржыландыратын спорт түрлерін 60-қа дейін қысқарту көзделіп отыр. Бұл мәселе арнайы заң жобасында да қарастырылған және жыл соңына дейін қабылдануы қажет.