Легионер спортшылар мәселесі заңмен бекітіледі

Легионерлер мәселесі де заңмен бекітіледі, деп хабарлайды 24kz.

Париж Олимпиадасының қорытындысына арналған жиында Қазақстан азаматтығын алған шетелдік атлеттердің проблемалары айтылды. Әсіресе, Франциядағы жазғы ойындарда ұлттық құрама сапында осындай 11 спортшы болды. Бірақ, өкінішке орай, бірде-бірі жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Яғни, үмітті ақтамады. Алқа отырысы барысында осы нәтижеге жауапты федерация басшыларына жеке-жеке тұрғызып, көпшілік көкейіндегі сұрақтар қойылды және алдағы уақытта бұл жағдайдың жіті назарда болатыны ескертілді.