Қазақ күресінің шеберлері 15 медаль жеңіп алды

Қазақ күресі шеберлері Көшпенділер ойындарында барлығы 15 медель жеңіп алған, деп хабарлайды 24KZ.

Оның 12-сі – алтын, екеуі – күміс, қалғаны – қола. Яғни, балуандарымыз артылған сенімді толық ақтады. Бүгінде ұлттық спорттың әлемде 40-тан астам федерациясы бар. Соның ішінде Еуропа елдері арасынан Италия құрамасы дүбірлі додада алғашқы алтындарына қол жеткізіп отыр. Енді отандық федерация басшылары қазақ күресінің халықаралық аренадағы ауқымын одан әрі кеңейту үшін ағылшын тілін білетін бапкерлерге ерекше көңіл бөлмек.

Дамир Бекбосынов, Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры:

- Одан басқа, Үндістан мемлекеті тарапынан бапкер алдыруға ұсыныс білдірілген. Қазір ағылшын тілді бапкер іздестіріп жатырмыз. Шыны керек, қазақ күресі саласы мамандарының арасында тіл меңгерген бапкер тапшы. Сондықтан жоспарда тіл білетін бапкерлер құрамын жасақтау бар.