Астанада спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионаты өтіп жатыр

Шараға 111 елден 59 мың студент келіп, 142 команда жасақталды, деп хабарлайды 24KZ.

Олардың арасындағы 5 топ Қазақстанның намысын қорғайды. Сала мамандарының айтуынша, қазір IT мамандарын оқытатын жоғары оқу орындарын дамыту үшін мемлекет тарапынан үнемі қолдау көрсетіледі. Сондықтан мұндай жарыстардың біздің елде өтуі – Қазақстанның, Орталық Азиядағы негізгі IT-хабы екенінің тағы бір дәлелі.

Айта кету керек, ертең – чемпионаттың ақтық финалы. 

Бағдат Мусин, Спорттық бағдарламалау федерациясының президенті:

- Спорттық бағдарламалау күн өткен сайын танымал спорт түріне айналып келеді. Бұл - жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің еңбегі. Бұл дегеніміз – бүкіл жаһандық қауымдастықтың жетістігі.