Елімізде тұңғыш рет арқан тартудан республикалық турнир өтті
Елде тұңғыш рет арқан тартудан республикалық ашық турнир өтіп жатыр.
Сайыстың ақтық кезеңінде іріктеулерден іркілмей, сынақтардан сүрінбей өткен 10 команда өзара мықтыларды анықтауда. Арасында қарапайым фитнес жаттықтырушыдан бастап, кәсіби спортшыларға дейін бар. Басты мақсат түрлі спорт саласында жүрген азаматтардың басын біріктіріп, ұлттық ойынды ұлықтау. Сол арқылы командалық рухты көрсеткіміз келеді дейді ұйымдастырушылар.
Әлішер Ислам, ұйымдастырушы:
- Бұл спорттың төреші ештеңе шешпейді. Мықтылар ғана жеңіс жетеді. Осы барлық спортшы мен әртүрлі салада істейтін балалардың арасында бір спорттан бір жерге жинап, өткізіп көрейік деген мақөсат болған. Енді алдағы уақытта біз студенттер арасында бөлек, спортшылар мен федерациялар арасында бөлек өткіземіз деген ой бар.
Әлішер Талғатбек, қатысушы:
- Біз жалпы Абырой командасынаан Абырой-1, Абырой-2 болып келдік. Команда да 8 адамнан. 6 основной, 2 запас болады. Жалпы дайындық жақсы болды. 2 айдан аса дайындалдық. Бұл енді круговой жарыс болғандықтан әрқайсымен шығу керек. Оған да бірталай күш керек.