Елімізде инклюзивті желкенді регатадан халықаралық жарыс өтті

Елордада алғаш рет инклюзивті желкенді регатадан халықаралық жарыс өтті.

Спорттық шараға Түркия, Армения, Египет, Латвия және Ресейден қатысушылар келді. Оған қоса, мүгедектігі бар азаматтарға "экстрабилити-тур" мен арнайы шеберлік сағаттары да ұйымдастырылды. Мұндай теңіз экспедициялары 2011 жылдан бері Ресейде тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Ондағы мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандардың су айдындарында өтетін шараларға еш кедергісіз қатысуына жағдай жасау. Бұған дейін желкенді спорттан Балқаш көлінде және Ресей, Түркия елдерінің қалаларында жарыстар өткізілген.

Мұрат Әбдімомынов, Астана қ. «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Бізге қазір білім берсе, паруспен суға шығуға, не істеу керек судың ішінде. Адам адамды көтереді ғой. Адам адамды өзіне сендіреді. Өзіне, күшке, қолға, аяққа, денеге, жүрекке. 

Олег Колпащиков, "Паруса духа" жобасының жетекшісі:

- Біз түрлі инклюзивті шараларды ұйымдастыру арқылы азаматтардың жасырын қабілеттерін ашамыз. Желкенді спорттың пайдасы ерекше. Бұл қатысушылардың белсенділіктерін арттыруға септігін тигізеді.