Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық былғары қолғап шебері 28 қыркүйек күні «Алматы Аренада» өтетін бокс кешінде филиппиндік Джо Нойнэймен қолғап түйістіреді, деп хабарлайды 24kz.

Бұл қазақстандық былғары қолғап шеберінің кәсіби мансабындағы он екінші жекпе-жегі болады. Ал қарсыласы бұған дейін 28 мәрте шаршы алаңға шыққан. Данияр 3 жыл бұрын елордада айқасқа шығып, ІВО нұсқасында әлем чемпионы атанған. Алайда кейін ол бұл белбеуінен айырылып қалды. Аталған кеште бокс ережесі бойынша ММА спортшылары Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов алғашқы кездесуін өткізеді. Бұл бокс бәсекесінде еліміздің спортшыларымен бірге Ресей мен Әзербайжаннан келген кәсіпқой былғары қолғап шеберлері де сайысқа түседі.