Алматы облысында стенд атудан Азия кубогі мәресіне жетті

Алматы облысында стенд атудан Азия кубогі мәресіне жетті

Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко құрлықтық додада топ жарды, деп хабарлайды 24kz.

Алматы облысында стенд атудан Азия кубогы мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні скит бағытындағы аралас жұптық сындар болды. Ел намысын қорғаған Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко ең үздік нәтиже тіркеп, ұлтық құрама қоржынына алтын медаль салды. Күміс Қатар елінің өкілдеріне бұйырса, қола жүлдені Жапония және Брунией спортшылары иемденді.

Айта кету керек, Александр Асанов атындағы спорттық ату алаңында жарыс сұрмергендер үшін Париж Олимпиадасынан кейінгі ең ірі байрақты бәсеке саналады. Оған 14 елден 200-ден аса спортшы қатысты. Олар 10 күн бойы өзара мықтыны анықтап, трап және скит, трап микс, скит микс, бұған қоса, трап дубль, скит дубль бағыттары бойынша медаль жиынтығын сарапқа салды. Дәл осы құрлықтық дода аясында ересектерден бөлек, жастар және жасөспірімдер арасындағы жарыстар да ұйымдастырылды.