Спортшыларымыз қысқы Азия ойындарына 139 жолдама жеңіп алды

Жалпы есепте алдыңғы бестікке кіруіміз керек. Бірер айдан кейін, нақтырақ айтқанда, ақпанның 7-сі мен 14-і аралығында Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтеді. Осыған байланысты дайындық жұмыстары қазірден басталды. Біз бұған дейінгі кешенді ойындардың жалпы есебінде алдыңғы бестіктен табылып келдік. Ұлттық құрама өкілдері алдағы жылы да соны қайталауға тырысады.

Осы орайда Астанада арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, ел намысын қорғайтын қыз-жігіттердің әзірлігі баяндалды. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті өкілінің айтуынша, спортшыларымыз 139 жолдама жеңіп алды. Олар 50 медаль жиынтығына таласады.

 Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтед