Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан құрамасы плей-офф матчын жеңіспен бастады
Теннистен Қазақстан құрама командасы Билли Джин Кинг кубогының плей-офф ойындарын жеңіспен бастады.
Зарина Дияс оңтүстіккореялық Да Ен Бактан үш сет қорытындысы бойынша басым түссе, Елена Рыбакина мен Пак Со Хён арасындағы ойын 6:2, 6:2 есебімен аяқталды. Осылайша, қыздарымыз 2:0 есебімен алға шықты. Ертең Рыбакина Да Ен Бакпен, ал Дияс Пак Со Хёнмен кездесуі тиіс. Соңғы ойындар жұптық бәсекеге ұласады.