Қазақстанның бочча құрамасы халықаралық жарыстан жеңіспен оралды
Қазақстандық бочча құрамасы бүгін Бахрейнде өткен "Халықаралық Челленджер Манама" жарысынан жеңіспен оралды.
Сайыста әлемнің 14 елінен спортшылар бақ сынады. Ел құрамасының намысын Астана, Алматы, Жетісу, Павлодар, Үржар және Семей қалаларынан 10 параспортшы қорғады. Олар топтық ойында 2-орын, жұптық жарыста 3-орынды қанжығалап қайтты. Қазір республиканың ұлттық құрамасында 41 мүмкіндігі шектеулі жан жаттығады.
Нұргүл Ұлжекова, Қазақстан бочча федерациясының бас хатшысы
Қазбек Өтепберген, жаттықтырушы