Бокстан ұлттық құрама Азия біріншілігіне қатысады
Ерлер арасындағы бокстан ұлттық құрамамыз Азия біріншілігіне барады, деп хабарлайды 24KZ. Құрлықтық чемпионат 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландта өтеді. Былғары қолғап шеберлері 13 салмақта өнер көрсетеді. Қазақстан сапында Париждегі Олимпиадаға қатысқан спортшыларымыз бар. Олар: Айбек Оралбай, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан және Мұхамедсабыр Базарбайұлы. Бүгінде жігіттер елордада кубалық және ресейлік құрамалармен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Қайрат Сәтжанов, бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
- Қазіргі уақытта ең бірінші орында жүрген ол Өзбекстан құрамасы. Ең басты қарсыласымыз. Басқа да командалар мықты. Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан бар. Олар осал болады деп ойламаймын.