Легионерлерден үнемделген қаржы балалар спортына жұмсалады

Легионерлерден үнемделген қаржы балалар спортына жұмсалады.

Ал облыстық спорт басқармасы басшыларын арнайы комиссия тағайындайды. Отандық спортта соңғы кезде осындай үлкен өзгерістер орын алып жатыр. Мемлекет басшысы Париж олимпиадасынан кейін саладағы жұмыстарды қатаң сынға алып, нақты тапсырмалар берген болатын. Соның аясындағы реформалар қазірден қызу басталып кетті. 

Легионерлерден үнемделген қаржы балалар спортына жұмсалады. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Ведмоство басшысы күні кеше Президенттің қабылдауында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, төрешілер мен мамандар біліктілігін арттыру, легионер санын азайту және федерациялар жұмысын оңтайландыру мәселелері сөз болды. Тіпті, осы мақсатта арнайы заң жобасы дайындалып, бірінші оқылымда Мәжіліс депутаттары тарапынан бірауыздан мақұлданды. Ал, енді аталмыш бастамалардан үнемделген қаржы қайда жұмсалады деген сұраққа министр былай жауап берді. 

Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:

Басқарма басшыларын тағайындау тәртібі өзгерді

Бұған қоса елімізде облыстық спорт басқармасы басшыларын тағайындау тәртібі өзгерді. Яғни, бұдан былай оларды бұрынғыдай әкімдер тікелей емес, арнайы комиссия келісімімен ғана қоя алады. Комиссия жұмысын Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов басқарады. Ол жерде үміткерлерді нақты талаптар бойынша бағалайды. Әсіресе, саладағы тәжірибесі мен арнайы жоспарының болуы, сондай-ақ спорт ғылымының негізі мен менеджментін меңгергені ескеріледі. Мәселен, комиссияның алғашқы отырысында Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына  олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің, ал Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына спорт комитетінде еңбек еткен Азамат Имашевтың кандидатурасы ұсынылып, комиссия мүшелері келісімін берді. Енді басқа аймақтар бойынша да осындай тәртіппен жаңа басшылар тағайындалады.

Ербол Мырзабосынов , ҚР Туризм және спорт министрі

Бұл бастама нақты не береді? Одан кейін қыржыландыру жүйесі де өзгере ме? Яғни, бұған дейін аймақтардағы қаржы облыстық бюджеттен бөлінетін. Енді республикалық бюджеттен қарастырыла ма?

Келесі Олимпиадаға дайындық қазірден басталды

Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындық қазірден басталуы керек. Біреу білсе, біреу білмес, елімізде мемлекеттен қарыландырылатын спорт түрлері үш есе қысқарды. Яғни, бұған дейін олардың салпы саны 184 болса, енді 60-қа дейін азайтпақ. 60 спорттың арасынан да басымдық берілетін негізгі бағыттар айқындалды. Басқаша айтқанда, бұған дейін сәтті өнер көрсетіп, тұрақты жүлде беріп келген спорт түрлеірне ерекше екпін жасалады. Сонымен қатар Париж олимпиадасында медальға қатысты міндеттемелерін орындамаған федерация басшылары ауысады. Бұл процесс қазір біртіндеп жүріп жатыр. Бұған қоса, әр спорттық бағыт бойынша бапкерлер біліктілігін арттыру, төрешілік жүйені жетілдіру және барлық жауапкершілікті бір ғана бас жаттықтырушыға жүктеп қоймай,  шетелдерден мамандар тартып, саладағы жұмысты кешенді атқаруға басымдық беріліп жатыр.

Нұрболат Жаңбыров, жастар ұлттық құрамасының аға бапкері

Нақты қай федерацияларда ауыс-түйіс болды және қай федерациялар реформаға кірісті? 

Ұлттық спорт мәртебесі заңмен бекітіледі

Ұлттық спорт түрлері жоғары жетістіктер спорттары қатарына қосылады. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов мәлімдеді. Халық қалаулысы дене шынықтыру және спорт туралы заң жобасына осындай норма ұсынғандарын және ол жұмыс тобы өкілдері тарапынан қолдау тапқанын алға тартты. Яғни, бұдан былай тек олимпиадалық, паралимпиаладық және сурдоолимпиадалық спорт түрлері ғана емес, ұлттық спорттарға да ерекше мәртебе беріліп, бөлек көңіл бөлінеді. Бұндай тәжірибе өзге елдерде бар. Сәйкесінше, оны норманың арқасында ұзақ жылдар бойы қордаланған мәселелерге нүкте қойылады деген үмітте. Өйткені, бұған дейін аталмыш бағыттарға аса назар аударылмайтын және қажыландыру деңгейі де өте төмен болатын.

Данияр Қасқарауов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты