Дубайда өткен «OceanMan-2024» жарысында Елдар Шекербек жүлдегер атанды

Ашық суда жүзуден әлемнің екі дүркін чемпионы Елдар Шекербек Дубайда өткен «OceanMan-2024» жарысында жүлдегер атанды. Ол эстафеталық бәсекеде жоғары нәтиже көрсетіп, қола медальға қол жеткізді. Ел үмітін ақтаған Елдарды ет жақындары Алматы әуежайынан күтіп алды. 

Дубайда өткен финалдық додаға 62 мемлекеттен 2 200 спортшы қатысты. Елдар  алдымен 10 шақырымдық жарысқа қатысты. 100-ден астам спортшының арасынан 5-ші орын алды. Ал эстафетада шеберлігін дәлелдеп үшінші орын иеленді.

Мұрат Садыхан, Елдар Шекербектің әкесі:

- 12 жасынан бастап президенттік пятиборье түріне қатысып ары қарай триатлон спортымен айналысып кеткен. Қазіргі уақытта ҚазҰУ-да Тренерское дело деген мамандығын алды. Содан кейін екінші жоғары білім алып қазір заң факультетінде оқып жүр.

Елдар «Оушен мен» жарысына 2022 жылдан бері тұрақты  қатысып келеді. Алғаш рет Қапшағайда өткен додаға түсті. Ол  10 км қашықтықтағы Қазақстанның  чемпионы, 5 шақырымға жүзуден Азияның абсолютті чемпионы. Былтырғы Универсиаданың  жеңімпазы. Алдағы уақытта  Олимпиада ойындарына қатысуды мақсат етеді.

Елдар Шекербек, «ОceanMan-2024»  жарысының қола медаль иегері: 

- Оны марафон сияқты санасақ болады. Өйткені 10 шақырымды 2 сағат 30 минутта өтті.  Иә негізі ұтуға болады. Оған дайындалсақ, біздің мотивациямыз бар. 

Қазір Елдар Алматыда фитнес жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Келесі жылы Босфор бұғазын жүзіп өтуді жоспарлап жүр.