ҚХЛ: «Барыс» қытайлық командадан жеңілді

Құламбаева жартылай финалға шықты. Қазақстандық теннисші Үндістанның Нави-Мумбай қаласындағы рейтингілік турнирге қатысып жатыр.

Ол жұптық сында үндістандық Шривалимен бірге жақсы нәтиже тіркеді. Ширек финалда таайландттық теннисшілерді жеңді. Енді финалға шығу үшін үндістандық жұпты ұтуы қажет.

«Астана» конференциялар лигасынан шығып қалды

«Астана» плей-офф кезеңіне өте алмай, конференциялар лигасындағы бәсекесін аяқтады. Григорий Бабаян баптайтын жігіттер күні кеше кипрлік «АПОЭЛ» командасымен кездескен болатын. Сырт алаңда өткен матч тең нәтижемен аяқталды. Алдымен алаң иелері сапындағы Анастасиос Донис мергендігіндігімен көзге түсті. Ол 57 минутта есеп ашқан болатын. Артынша, яғни, 64-ші минутта «Астана» ойыншысы Кипрас Казуколовас қарымта бір гол соқты. Қорытынды есеп: 1:1. Қазақстандық команда топтық кезең нәтижесінде 5 ұпай ғана жинап, жалпы тізімнің 28-ші сатысына жайғасты. Ал плей-оффқа алдыңғы 24 команда шығады. Осы маусым барысында елордалық клуб  португалиялық «Виториямен» де осылай 1:1 есебімен тең түскен болатын. Сербиялық «Бачка-Топола» командасын жеңді. Қалған кездесулерде, атап айтқанда «Нью-Сейнтс», «Пафос» және «Челсимен» кездесулерде есе жіберді.

ҚХЛ: «Барыс» қытайлық командадан жеңілді

«Барыс» қытайлық командадан жеңілді. Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық команда бұл жолғы кездесуін де сырт алаңда өткізді. Ғалым Мәмбетәлиев баптайын жігіттер осының алдында мәскеулік «Динамодан» басым түсіп, өзіндік сенсация жасаған болатын. Бірақ, «Куньлунь Ред Старға» қарсы матчта жеңіс жолын жалғасыра алмады. Тіпті бірде бір гол да соға алмады. Бейжіңдік клуб сапынан Мартен Лефевр мен Паркер Фу мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп: 2:0. Қазақстандық команда 38 ойыннан кейін 23 ұпай жинап, Шығыс Конференциясының 11-ші сатысында тұр. «Барыс» енді келесі кездесуін ертең өткізеді. Тағы да сырт алаңда Челябі қаласының «Трактор» клубымен жолығады. Еске сала кетейік, соңғы кезде астаналық клубта үлкен өзгерістер болып жатыр. Ұзақ жылдар бойы тапжылмай отырған бас директоры Борис Иванищев отставкаға кетті. Оның орнына Нұрлан Оразбаев тағайындалды. Ал бас бапкер қызметіне жоғарыда айтқан Ғалым Мәмбетәлиев келді. Ол командадағы бірнеше легионермен қош айтысып, мұз айдынға жергілікті ойыншыларды көбірек шығарып жүр.

Бокстан Қазақстан чемпионаты

Жүсіпов пен Букаев нокаутпен ұтты. Ал Құттыбеков жарыс жолынан шығып қалды. Қарағанды қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр. Жылдың қорытынды жарысына еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден аса қатысушы жиналды. Жарыстың екінші күні тарысты жекпе-жектер өтті. Әсіресе ерелер арасында ең жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов алматылық Раман Рузибайды техникалық нокаутпен ұтты. Төреші жекпе-жекті екінші раундта тоқтатуға мәжбүр болды. Дәл осындай жағдай 92 келіге дейінгілер арасында павлодарлық Олжас Букаев  пен ақмолалық Мейірбек Мухтаров кездесуінде де орын алды. Олжас қарсыласытн 2 рет есеңгіретіп, 2 раундта жекпе-жек аяқталды. Дәл осы салмақ дәрежесінде фавориттердің бірі саналған Абзал Құттыбеков күтпеген жерден жарыс жолынан шығып қалды. Ол алғашқы айналымда жамбылдық Икромжон Сайдахраровқа есе жіберді. Іріктеу кезеңдері алдағы сенбіге дейін жалғасады. Одан кейін ширек финал, жартылай финал және финал кездесулері күтіп тұр. Жарыстың жалпы қорытындысы 25 желтоқсанда белгілі болады. Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға әзірлікке кіріседі.