Ерекше форматтағы матч: ардагерлер мен жастар өзара мықтыны анықтады
Астананың Спорт басқармасы жыл соңында ерекше форматтағы матч өткізді.
Оның аясында отандық футболдың дамуына үлес қосып, әр жылдары ұлттық құрамада ойнаған аға буын аяқдопшыларды жасыл алаңға шақырып, жолдастық кездесу ұйымадстырды. Қонақтар қатарында Давид Лоpия, Константин Котов, Антон Чичулин сияқты майталмандар бар. Ал оларға қарсы Василий Левит бастаған осы спорт басқармасында қызмет ететін жас мамандар ойнады. Тартысты өткен кездесу 3:3 есебмен аяқталды. Жолдастық кзедесуден кейін ардагерлерге арнайы сыйлықтар табысталып, ерекше құрмет көрсетілді. «Алдағы уақытта осындай форматтағы кездесулерді тұрақты өткізіп, тәжірибе алмасуға көбірек көңіл бөлеміз», – дейді мамандар.