Рыбакина жарыс жолынан шығып қалды
Рыбакина жарыс жолынан шығып қалды. Мельбурн қаласында теннистен жылдың басты бәсекесі Австралия ашық біріншілігі жалғасып жатыр.
Жарыстың кезекті күні кордқа қазақстандық Елена Рыбакина шықты. Әлемдік рейтингте 7-ші тұрған жерлесіміз 14-ші тұрған америкалық Мэдиссон Кизбен кездесті. Матч 1 сағат 50 минутқа созылды және нәтижесінде Мэдиссон жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 6:3, 1:6, 6:3. Осылайша Рыбакина ширек финалға шыға алмай, жарысты осы жерден аяқтады. Жалпы қос мықты өзара бүгінге дейін 5-рет кездесіпті. Бұған дейін жалпы есеп тең болған. Енді Киз алға шықты. Сонымен, Австралия ашық біріншілігінде Қазақстандық теннисшілер қалған жоқ. Ерлер арасында Александр Бублик пен Александр Шевченко бірінші айналымнан аса алмады. Ал Юлия Путинцева үшінші айналымға дейін жетіп, қарсыласына есе жіберді.
«Қайсар» клубы легионерсіз ойнайды
«Қайсар» бұдан былай легионерсіз ойнайды. Яғни қызылордалық клубта енді 100 процент қазақстандық футболшылар өнер көрсетеді. Бұл туралы Қызылорда облысы спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеді. Бұған дейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та клубқа легионерлер сатып алу үшін ақша бөлінбейтінін және жергілікті ойыншыларды тәрбиелеуге басымдық берілетінін алға тартқан болатын. Айта кетейік, былтырғы маусымда клуб ел біріншілігінде 8-орынға тұрақтаған алған еді. Тағы бір айта кетерлігі, қазір Парламент қабырғасында денешынықтыру және спорт жөнінде заң жобасы қаралып, екінші оқылымға дайыдап жатыр. Құжатта шетелдік спортшылар бюджеттен қаржыландырылмайды деген талап бар. Яғни заң күшіне енгеннен кейін легионер сатып алғысы келетін қазақстандық командалар өздері демеуші табуы керек.
«Ақтөбе» клубы мемлекеттен қаржыландырылмайды
«Ақтөбе» хоккей клубы мемлекеттен қаржыландырылмайды. Яғни, ақтөбелік команда осы маусымды аяқтап, әрі қарай ішкі біріншілікте өнер көрсетпейді. Бұл туралы Shaiba.kz сайты жариялады. Дереккөздің мәліметінше, Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жергілікті хоккей федерациясына ресми хат жолдаған. Ол жерде 2024-2025 жылға маусымға облыстық қазынадан 286 млн теңге қарастылығаны алға тартылады. Ал алдағы уақытта ерлер хоккей командасына жергілікті бюджеттен ақша бөліндеді. Бұндай шешімді Ақтөбе облысы мәслихаты шығарды. Айта кетейік, «Ақтөбе» командасы биыл Қазақстан чемпионатында 34 ойынға қатысып, 35 ұпай жинады. Соның арқасында турнир кестесінде жетінші сатысына жайғасты.
Ж. Әлімханұлы: Маған абсолютті чемпион атағы керек
Жәнібек Әлімханұлы абсолютті чемпион атануды көздейді. Бұл жөнінде қазақстандық кәсіпқой боксшы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. «Маған абсолютті әлем чемпионы атағы керек. Тездетіп соның әрекетін жасайық», - деді Жәнібек. Сондай-ақ, ол Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум мен Сауд Арабиясының Ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки әл аш-Шейхті белгілеп кетті. Бұған дейін Әлімханұлының көктемде, нақтырақ айтқанда, наурыз айында жекпе-жек өткізетіні хабарланған болатын. Бірақ, әзірге қарсыласы туралы ақпарат жоқ. Белгілісі – Жәнібек Карлос Адамес пен Хамза Шираз жекпе-жегінің жеңімпазымен, немесе Эрисланди Ларамен жұдырықтасуы мүмкін. Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық атақтарына қорғауы қажет. Айта кетейік, ол кәсіпқой рингте 16 кездесу өткізіп, 16-сында да жеңіске жетті. Оның 11-ін уақытынан бұрын аяқтады. Соңғы рет былтыр қазан айында Австралияда жұдырықтасып, жаңазеландиялық Андрей Михайловичті нокаутпен ұтты.