Алматыда Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлерінің іскерлік кездесуі өтті
Алматыда отандық кәсіпкерлер қытайлық әріптестерімен іскерлік кездесу өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шараны «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» аймақтық сауда-экономикалық әріптестігі пилоттық жобасының өкілдері ұйымдастырды. Ондағы мақсат – ұйымға мүше елдер арасындағы аймақтық сауда-экономикалық байланысты арттыру.
2018 жылы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» аймақтық сауда-экономикалық әріптестік пилоттық жобасы туралы айтты. Аймақ Қытай еліндегі Циндао қаласында ашылды. Бүгінде жоба барысында 21 халықаралық теміржол бағыты іске қосылды. Ол 23 мемлекеттің 54 қаласын байланыстырады. Пилоттық аймақ бүгінге дейін 3000 пойызға қызмет көрсетіп, жүк тасымалдаушы ұшақтар үшін 12 бағыт және теңіз жолы арқылы 42 бағыт ашылды. Қытайлық көліктер тиелген алғашқы «Қытай-Еуропа» жүк пойызы 24 сәуір күні Циндао қаласынан Қазақстан арқылы жол тартты. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті арттыра түседі. Аталған жобаның алдағы мүмкіндігін қытайлық әріптестер отандық кәсіпкерлерге таныстырды. Үлкен сауда дәлізіне қазақстандық кәсіпкерлер де қатысып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» көлік-логистика хабына үлес қоса алады. Осы арқылы аталған ұйымға мүше елдер арасындағы тұрақты сауда айналымын қалыптастырады. Осы мақсатта отандық өкілдермен нақты келісімдер жасалған. Нақтырақ айтсақ, ҚТЖ ұлттық компаниясы қытайлық әріптестермен өзара әріптестік аясында тасымал жасауда. Жоба барысында отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға экспорттау. Ол аймақтық сауда-экономикалық әріптестік аясындағы сервистік платформа арқылы жүзеге асырылады. Аталған сервистік платформа «Шанхай ынтымақтастық ұйымына» мүше елдердің сауда-экономикалық саласында толыққанды қызмет көрсетеді. Нақтырақ айтсақ, сервистік платформа шекарааралық сауда, кедендік рәсімдеу, логистика, кеңес беру және қаржы сияқты көптеген жауапкершілік арқалайды.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Әбен Нарымбаев.