«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Еңбек күнін атап өтті
Жұмысшы мамандықтарын құрметтеу дәстүрі жанданып келеді.
Еңбек күні мерекесінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы ерекше көзге түскен қызметкерлерін айрықша сый-құрметке бөледі. Отыз шақты маманға естелік сыйлықтар табыстап, алғыс хаттармен марапаттады.
Еңбек күнін атап өту әлемнің жүзден аса елінде дәстүрге айналған. Кейбір елдерде аталған мереке тіпті мемлекеттік мәртебеге ие. Бұл күні кәсібилігімен дараланған қызметкерлер ерекше сый құрметке ие болады. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қарасты кәсіпорындар да өз еңбеккерлерін ұмыт қалдырған жоқ.
Елена Винокурова, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Қазақстан бойынша қызметкерлер құрамы жөніндегі директоры:
- Құрметті әріптестер, сіздерді еңбек күнімен құттықтаймын! Сіздерге ашық аспан зор денсаулық тілеймін. Жұмыстарыңыздың жемісін көріңіз. Жаңа Қазақстанда сіздер сияқты қоғамға өте қажет. Сіздермен тек қана жақсы күндерде кездесуге тілектеспін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Марат Жақсыбек, "Жақтау" кәсіподағы төрағасының орынбасары:
- Сіздердің бүгін осы залдан табылғаныңызға өте қуаныштымын. Бұл да өзіңіз еңбек етіп жүрген бөлімшелеріңізде таңдалған ең жақсы маман екендігіңіздің айғағы. Сондықтан бәріңізді тағы да еңбек күні мерекесімен құттықтағым келеді!
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның 30 қызметкеріне алғыс хаттар салтанатты жағдайда табыс етілді. Олардың дені кәсіпорынға еңбек сіңірген үздік қызметкерлер санатында.
Мұндай іс-шаралар жұмысшы мамандықтарының беделін арттырады. Сонымен бірге еңбек түбі зейнет деп білетін отбасылық әулеттер санының артуына ықпал етеді, дейді кәсіподақ ұйымының өкілдері. Еңбек адамына деген ерекше құрмет жастарды өндіріске тарту ісіне де оң септігін тигізбек.
Талғат Серікқалиұллы, Михаил Журавлев