Алматыда науқастарға жаңа буын дефибрилляторы қойыла бастады
Кардиостимуляторды қашықтан бақылауға болады.
Ол үшін науқастың ұялы телефонына арнайы бағдарлама жүктеледі. Сол арқылы дәрігерлер жүректің қызметін қадағалап отырады. Қажет болған жағдайда науқасты шақырып, тексерістен өткізеді. Алматыда осы мониторинг жүйесі іске қосылды. Оны жергілікті дәрігерлер ресейлік әріптестерімен бірге жүзеге асырды. Қазір Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иститутында шеберлік сабағы өтіп жатыр.
Жүрек жеткіліксіздігі ауруына шалдығып, кардиостимулятор қойылған науқастар қашықтан мониторинг жүйесіне қосылады. Яғни, алматылық дәрігерлер жаңа буын дефибрилляторын өздері қоя бастады. Мұндай технология кез келген жерден бақылауға мүмкіндік береді.
Марат Пашимов, «Кардиология және ішкі аурулар» ҒЗИ басқарма төрағасы:
- Біз қойып жатқан кардиостимуляторлар спутник арқылы біздің дәрігерлер қадағалай алады. Қан қысымы қандай? Плюс қандай? Жүрек қалай жұмыс жасап жатқанын.
Алматы облысының тұрғыны Алымжан Амраев 20 жылдан бері дәрігерлердің бақылауында. Кардиостимуляторын 4 рет ауыстырған. Ал бұл жолы етпен бірігіп кеткен электродтар алынып тасталды. Себебі сол орында асқыну пайда болған.
Алымжан Амраев, Алматы облысының тұрғыны:
- Қалып қалған электрод мазалай бастады. Ресейден келген профессор операция жасады. Оның тәжірибесі бар екен ондай операцияларда.
Қазір қазақстандық дәрігерлер кардиостимуляторды енгізуді жақсы меңгеріп алған. Бірақ электродтарды имплантациялау бойынша әлі де тәжірибені арттыра түсу керек, - дейді мамандар.
Бағдат Ахыт, «Кардиология және ішкі аурулар» ҒЗИ бөлім меңгерушісі
- Оны алу кезінде кейбір жағдайда асқынулар болады. Жүректің бұлшық еттері жарылып немесе тесіліп кетсе науқас жедел түрде қайтыс болып кетеді.
Ресейлік аритмолог дәрігер Сергей Артеменко қазақстандық әріптестеріне дәл осы жүрек ырғағы мен өткізгіштігіне қатысты білгенімен бөлісуге арнайы келген. 10 күн ішінде 50-ге жуық операция жасау жоспарланып отыр.
Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Кенже Амраев.