QazaqGaz көлік қауіпсіздігіне ерекше мән береді
QazaqGaz ұлттық компаниясы қауіпсіздікті ең бірінші орынға қояды.
Оның ішінде көлік қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Бүгін QazaqGaz-дың еншілес ұйымының бірі – «ҚазТрансГаз Өнімдері» компаниясы Алматы өндірістік филиалында «Жол апатына жол бермейміз» атты іс-шара өтті. Мақсаты – жүргізушілерді үнемі қауіпсіздік белдігін тағып жүруге шақыру.
Жандос Сұлтанов – «ҚазТрансГаз Өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көлік жүргізушісі. Бүгін ол ерекше тәжірибеге қатысады. Конвинсерлі жаттығу орындығына отырып, басқа көлікпен соқтығысқандай болады. Орындық сағатына 15 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Осылайша, жол апаты кезінде қауіпсіздік белдігінің адам өмірін сақтауда қаншалықты маңызды екенін тексереді.
Жандос Сұлтанов, «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС көлік жүргізушісі:
- Бүкіл денең соғылған кезде солқ ете қалады екен. Мына желкеден бастап түгел. Денеге білінеді. Қауіпсіздік белдігінсіз жүруге болмайды екенін сезініп отырмыз мына жерде.
«ҚазТрансГаз Өнімдері» компаниясы еліміздегі магистральді құбырлармен газ таратушы жүйелерге сервистік қызмет көрсетеді. Қарамағында 1700 жуық көлік пен арнайы техника бар. Сондықтан ұжым арасында қауіпсіздікті нығайтуға арналған іс-шаралар өте маңызды.
Сейітжан Қожамұратов, «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Алматы өндірістік филиалының директоры:
- 1700 көлік болса, оның 90% күнделікті жолға шығады. QazaqGaz ұлттық компаниясы өз қызметкерлеріне қауіпсіздік белдігін әрдайым қолданып жүруді және де осыған түпкілікті көз жеткізу үшін көлік-жол оқиғаларына келген кезде жарақаттарды болдырмау мақсатында осы тренажер конвинсерді алып келіп отыр.
Жандос Сұлтанов бұл тәжірибеден еліміздің өзге көлік жүргізушілері де сабақ алса игі дейді. «Жол апатына жол бермейміз» іс-шарасы енді компанияның Тараз, Шымкент қалаларындағы филиалдарында өтеді.
Авторлары: Ұлан Нарынбек, Мұхит Құдықбаев.