Жасанды интеллект қаржы секторында қалай жұмыс істейді?
Деректерді құнды активтерге айналдыру арқылы пайдалануға бола ма?
Digital Bridge халықаралық форумында қатысушылары осы тақырыпта ой қозғады. Пікірталас алаңында шетелдік және отандық сарапшылар жиналып, жұмыста нейрожеліні пайдалану тәжірибесін ортаға салды.
Halyk мобильді қызметін ай сайын 7 миллион адам қолданады. Бүгінде банк жүйесі жылдам нәтиже беретін технологиялық шешімдерді белсенді түрде пайдаланады. Жасанды интеллектінің арқасында қаржы ұйымы әрбір өтінішті өңдеп, қызмет көрсету сапасына сараптама жасайды.
Нариман Мукушев, Halyk басқарма төрағасының орынбасары:
- Қазір ақша аударымдары мен жылдам төлемдер арқылы ешкімді таңғалдыра алмайсың. Банк қосымшасында мемлекеттік қызметтерден бастап кино билетеріне дейін бәрі бар. Ай сайын миллиондаған адам біздің жүйені пайдаланады. Соның бәрі бір цифрлық экожүйеде шоғырланған. Жасанды интеллект арқылы біз әрбір клиенттің сұранысын сараптап, соған сай қызметтерді ұсынамыз. Қаржылық секторды соңғы технологияларды белсенді пайдаланамыз.
Деректердің өзі – құнды актив. Ебін тапсаң, оны да табыс көзіне айналдыруға болады. Технологиялық форумдағы сессиялардың бірінде қаржы институттарында деректерді тиімді пайдалану тетіктері талқыланды.
Роман Машчык, Halyk басқарма төрағасының орынбасары:
- Ақпаратты өңдеудің жаңа технологиялары пайда болғалы қаржылық секторда үлкен революция басталды. Қазір жүйе деректерді өңдеу фазасынан алынған ақпаратпен жұмыс істеуге көшті. Мысалы, белгілі бір процестерді цифрландырумен шектелмей, бұл жолда жиналған деректерді өңдеп, іске асыруға болады.
Жер жаһанды үлкен серпіліс күтіп тұр. Жасанды интеллектінің қыр-сырын меңгенген мамандар осылай дейді. Ал қаржыгерлер осы жүйеге кеткен шығын еселеп ақталатына сенімді. Ең бастысы – Big data мүмкіндіктерін дұрыс драйверге айналдыру.
Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Ақылбек Есімсейітов, Аружан Шуақбай.