«АрселорМиттал Теміртау» АҚ өз қызметкерлерін марапаттады

Республика күні қарсаңында «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы өз қызметкерлерін марапаттады.

Салтанатты жиында компанияның алдыңғы қатарлы еңбеккерлеріне естелік сыйлық пен алғыс хаттар табыс етілді. Құрметке бөленгендер қатарында металлургтер, шахтерлер және қарапайым жұмысшылар бар.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының еңбек ұжымы әрқашан алдыңғы қатарда жүреді. Мереке қарсаңында олардың еңбегі еленді. Металлургтер, шахтерлер мен компанияның еншілес кәсіпорын қызметкерлері алғыс хат пен  сыйлыққа ие болды.

Виктор Щетинин, «Жақтау» ҚБ Металлургтер кәсіподағының төрағасы:

- Бұл жетістігімізді Республика күні қарсаңында атап өтуіміз ерекше сәт. Мараптталғандарды және күллі ұжымды осындай маңызды оқиғамен  құттықтаймын. Сіздің еңбектегі жетістіктеріңіз тәуелсіздігіміз сияқты мығым әрі берік болсын.

Көбі жоғары нәтижеге қол жеткізіп, адал еңбегі үшін марапатталды. Сондай құрметке кенелгендердің бірі – Ерлан Аманбеков. Оның 40 жылдан астам еңбек өтілі бар. Ол – Ленин атындағы шахтаның тазарту кенжарының кеншісі.

Ерлан Аманбеков, Ленин атындағы шахтаның тазарту кенжарының жұмысшысы:

- 2006 жылы келдім мұнда «ГБО-шник» боп. Мереке құтты болсын. Қазақстанымыз осылай көркейе берсін.

«Тентек» шатасының машинисі Игорь Хохлов 20 жылдан астам уақытын өндіріс саласына арнады.

Игорь Хохлов, «Тентек» шахтасының тау-кен қазу машиналарының машинисі:

- Еңбектің еленіп жатқаны қуанышты. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақстандықтарды келе жатқан Республика күнімен құттықтаймын. Баршаңызға денсаулық, бірлік және бар жақсылықты тілеймін.

Еңбек ұжымы – барлық өндірістік процестің негізі. Сол себепті «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қызметкерлері үшін мерекеалды алды көңіл күй еңбек өнімділігін арттыруға септігін тигізері сөзсіз, - дейді кәсіпорын басшылары.  

Авторы: Данияр Сұлтанұлы.