Halyk Bank Aport East құрылысының 80% қаржыландырды
Алматыда Halyk Bank-тің қаржылай қолдауымен жаңа Aport East молы ашылды.
Аумағы 150 мың шаршы метр заманауи ғимарат Құлжа күрежолының бойында орналасқан. Мұнда 60-тан аса халықаралық брендтердің дүкені бар. Оған қоса балаларға арналған ең үлкен Funky Planet отбасылық паркі жұмыс істейді. ТМД бойынша ең үлкен экранды кинозал да осында.
Aport East молы – Eurasia RED девелоперлік компаниясының екінші lifestyle жобасы. Ірі жоба Halyk Bank-тің қаржылық қолдауы арқасында жүзеге асты. Мұнда ТМД бойынша ең үлкен экранмен жабдықталған еліміздегі ең ауқымды кинотеатр орналасқан. Ал фудкортта 50 мейрамхана мен кафе бар. Оған қоса 2500 орындық тегін автотұрақ қарастырылған.
Үміт Шаяхметова, Halyk Bank төрайымы:
- Біз үнемі экономиканың нақты саласын қолдап, қаржыландырып келеміз. Halyk Bank ел экономикасының 50% қаржыландырып отыр. Мұнда жаңа жұмыс орындары ашылып, аумақтың дамуына ықпал ететіні қуантады. Aport East молында балаларды дамытуға арналған үйірмелер бар.
Aport East орталығында еліміздегі танымал брендтерден бөлек жаңа брендтер дүкені ашылады. 7 мың шаршы метрлік ойын-сауық аумағы Орталық Азиядағы ең үлкен Funky Planet отбасылық паркімен толыққан. Оған қоса 4300 шаршы метрлік супермаркет жұмыс істейді.
Ерлан Мұқашев, Eurasia RED девелоперлік компаниясының бас директоры:
- Біз үлкен іс жасап жатырмыз. Міне Halyk Bank-пен бірге 2 миллион адамға қызмет көрсетіп жатырмыз. Мысалы, бірінші молда 5 мың жұмыс орнын аштық. Екінші орталықта да 5 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Осындай орталықтың арқасында қаладағы шағын және орта кәсіпкерлердің саны да артты.
2024 жылдың 1 маусымында Aport East молының екінші кезеңі пайдалануға беріледі. 30 мың шаршы метрде Sanremo Resort&Spa аквапаркі, фитнес орталығы ашылады. Онда бір уақытта 4300 адам демала алады. Заманауи орталық қаланың шығысын жылдам дамытуға серпін береді, - дейді іскер азаматтар.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Кенже Амраев.