Абай облысының тұрғындары Республика күнін ерекше атап өтті

Семейде бүгін бірнеше нысан пайдалануға берілді. Жалпы шаһарда 200-ге жуық шара ұйымдастырылды.

Республика күні Семейде заман талабына сай қоғамдық кеңістік ашылды. Шаһардың сол жағалауында орналасқан демалыс орнында тұрғындардың тынығып, спортпен шұғылдануына бар жағдай жасалған. Мұнда футбол алаңы іске қосылып, шағын архитектуралық формалар орнатылды.

Нәзгүл Бейсенова, қала тұрғыны:

- Қаламыз көркейіп келе жатыр. Әрбір жерде балалардың ойнайтын жерлері көбейіп жатыр. Осындай мамыражай күніміз жақсылыққа ұласа берсін.

Нұрбол Нұрсағатов, қала әкімі:

- Осы жылы біз қалада ауқымды жұмыс атқарып жатырмыз. Орталық алаңда концерттік бағдарламалар болып жатыр. Спорттық ойындар, басқа да шаралар өтіп жатыр. Тиісті инфрақұрылымдық нысандар ашылып жатыр қаланың ішінде. Оның ішінде өздеріңіз көріп тұрғандай үлкен бір ауқымды кеңістік ашылып жатыр. Семей халқының әрі қарай өсіп, демалу орындарын көбейтуге үлкен әсерін тигізді деп ойлаймын.

Ұлттық мерекеге орай орталық алаңда бірқатар іс шара өтті. Солардың бірі - эстрада жұлдыздарының концерті.

БЛИЦ:

- Міне екінші жыл болды мерекеміз қайта оралып, бәріміз қуаныштымыз. Барлық қазақ елін бүгінгі мерекемен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Бүгінгі мейрам жақсы өтіп жатыр. Бәр жерде ойын. Асық атып жатыр. Батырлар жүр.

Жалпы Республика күні Абай облысында кең көлемде тойланды. Ұлттық мереке құрметіне өңірде 500-ден астам шара ұйымдастырылды.

Азамат Қасым, Берік Жобалайұлы