Ақмола облысының өнеркәсібінде өсім бар

Ақмола облысында өңдеу өнеркәсібі саласында 63 жоба жүзеге асып жатыр.

Оның тоғызы жыл соңында іске қосылады. Облыс орталығында өткен жиын барысында өңір басшысы мен ірі өндіріс ошақтарының өкілдері осы жобалардың тиімділігін талқылады. Өңірдегі кәсіпорындарды кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесі де қарастырылды. 

Өңірдегі өнеркәсіп саласындасында өсім бар. Биылдың өзінде саладағы өнім көлемі 16 пайызға артқан. Қазіргі уақытта облыста 800-ден астам өндіріс ошағы жұмыс істейді. Табыстың басым бөлігі қайта өңдеу өнеркәсібі, тау-кен, металлургия және машина құрастыру салаларына тиесілі. Енді кәсіпорындарды кеңейту жұмыстары қолға алынады. 

Өмірсерік Ержанов, Қазақстан машина жасаушылар одағы атқарушы дирекциясының директоры:

- Шағын машина жасау ұжымдары үлкен қала Көкшетауда және Сетпногорсктағы өз мекелерінде бос орындар бар екенін анықтады. Сол жерде ұмтылып, шағын бизнестер қолдауға арналған қолдауды өздеріне тартып, соны пайдаланып, осы жерде басқа да өнім шығаруға мүмкіншілігі бар екені талқыланды. 

Еркін форматта өткен жиын барысында жергілікті кәсіпкерлерде өз ұсынысын жасырмады. Өңір басшысы жаңа жобалардың барысымен таныстырып, маңыздылығына тоқталды. Енді Президент пәрменіне сәйкес өнеркәсіп саласына көрсетілетін қолдау айрықша артады. 

Марат Ахметжанов, облыс әкімі:

- Біздің облыстың дамуына бір қосымша үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан біз дұрыс шарт қойып, ең өндірісі осы заманауи талаптарға сай инвесторларды тартуға, оның толық қолайлы жұмыскерлерге жұмыс орнын жасауға мүмкіндігі бар соларды әкелетін болсақ облысымыздың көркеюіне, дамуына, бюджеттін ұлғаюына өзінің көп оң септігін тигізеді. 

Осылайша шикізатты шетке шығармай, оны өзімізде өңдеп шығаруға ден қойылып отыр. Ал ол үшін тиісті өндіріс ошақтарын көбейту маңызды. Жалпы биыл ұлттық жоба аясында өнеркәсіп саласында 67 жоба қолға алынған. Нәтижесінде 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орыны ашылады жоспарланып отыр.  

Абзал Балтабаев, Евгений Шинкоренко