«Аллюр» автозауытында бірнеше ірі жоба жүзеге асады

Қостанайдағы «Аллюр» автозауытында бірнеше ірі жоба жүзеге асады.

«Шевролет» маркасының өндіріс желісі кеңейтіледі. Елімізде тұңғыш авто бөлшектер шығаратын оқшалаулау орталығын салу жоспарда тұр. Сондай-ақ Кіа зауытының құрылысы басталады.

Аллюр зауытында өндірілетін автокөлік түрлері жылдан-жылға көбейіп келеді. Биыл олардың қатарын Киа маркасының тағы екі моделі толықтырды. Одан бөлек Джем Шевролет Оникс автокөлігін шығаратын желі іске қосылады. Тағы бір ауқымды жоба биыл қараша айының соңында жүзеге асады. Зауытта европалық бренд «Шкода» шығарыла бастайды. Сол үшінде елімізде бұрын соңды болмаған лазерлі дәнекерлеу желісі орнатылды. 

Роман Глущенко, "Allur" автозауытының жаңа жобалар бойынша директоры:

- Биыл Кодиак моделінен бастаймыз. Ал келер жылы Камик, Корок, Октавиа және Суперб деген көлік түрлерін осында өндіретін боламыз. Бір сөзбен айтқанда, Шкода маркасының бес моделі Аллюр автозауытында құрастырылады.

Қазір жаңа желі дайын тұр. Онда жұмыс істейтін бір топ маман Чехиядағы Шкода зауытында болып, кәсіби біліктілігін ұштап қайтты. Соңғы жылдары «Аллюр» компаниясы автобөлшектерді өзімізде өндіруге ерекше көңіл бөліп отыр. Сол үшінде Қостанайда оқшаулау орталығы салынбақ. Жоба бойынша онда 70 мыңнан астам түрлі көлік бөлшектері шығарылады. 

Әділ Шайкемелов, "Allur" автозауытының өндірісті оқшаулау бөлімінің басшысы:

- Ең басты мақсатымыз, бұл автокөлік компоненттерінің өндірісін осы өңірде жүзеге асыру. Осы өндіріс жайында айта кететін болсақ, ең алдымен автокөлік бамперлері, көліктің орындықтары, сымдар және де ұсақ металл бұйымдары өндіріліп шығарады. Осыған дейін автокөлік кластерін іске қосамыз. Осы жобаның арқасында шамамен бір мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.

Айта берсе, алдағы жоспар ауқымды. Қостанайда бүтін толық технологиялық процестен тұратын жаңа Киа зауытының құрылысы жүріп жатыр. Биыл Қостанайдағы автозауыт 90 мың машина құрастырылса, келер жылы бұл көрсеткішті 110-120 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.

Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг